Қазақстан мен Ресей аусылға қарсы күресте бірлесіп жұмыс істемек
«Гүлмира Исаева Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың атынан аусылды дер кезінде диагностикадан өткізуге, аталмыш кеселдің таралуын тыю мақсатында екпені дайындау және жеткізу жұмыстарына септескендері үшін РФ ауыл шаруашылығын қадағалау қызметіне ризашылығын білдірді», - деп хабарлады Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметінің баспасөз қызметінен.
Сергей Данкверт өз кезегінде қазақстандық тарапқа Ресейдің аумақтарында, оның ішінде Қарашай-Черкес Республикасында және онымен шекаралас Краснодар өлкесінде, Амур облыстарында аусыл ошақтарының пайда болуынан хабардар етті.
«Аусылға мониторингті Қазақстан аумағанында ғана емес, көршілес Орталық Азия елдерінде (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан) де өткізу мәселесі көтерілді», - делінген хабарламада.
Келіссөздер барысында сондай-ақ Ресей, Қазақстан және Беларусьта өнімді «алқаптан сауда сөресіне» дейін қадағалайтын, бірдей міндеттері мен тиісті қаржысы бар ветеринарлық құрылымдарды құрудың бірыңғай әдісін қалыптастыру қажеттігі сөз болды.