Қазақстан мен Ресей басшылары телефон арқылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге және Мәскеуде өтетін алдағы ТМД саммитіне әзірліктің барысын талқылады

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.
None
None

ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының жай-күйін және даму келешегін талқылады. Сонымен бірге Ұлы Жеңістің 65 жылдығын бірлесіп атап өтуге және осы жылғы мамырдың 8-інде Мәскеуде өтетін Тәуелсіз мемлекеттер достастығының саммитіне дайындық барысы туралы әңгіме болды.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдің ЕурАзЭҚ және ШЫҰ ауқымындағы екіжақты өзара ықпалдастығының мәселелері де сөз болды.

Соңғы жаңалықтар