Қазақстан мен Ресей Парламенттерінің жоғары палаталары арасындағы өзара іс-қимыл екі елдің одақтық қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

МӘСКЕУ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Нарымбек Исмағұлов/ - Қазақстан мен Ресей Парламенттерінің жоғары палаталары арасындағы өзара іс-қимыл екі елдің одақтық қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Федерация Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновпен болған кездесудің қорытындысында.
None
None

 Қ.Тоқаев келіссөздердің, жалпы алғанда бүкіл Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары кешені  тұрғысынан табысты, мазмұнды және пайдалы өткенін атады. «ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федералдық жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы қатынастардың Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтық қатынастардағы, шын мәнінде, маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

 «Мен сонымен қатар, С.Мироновқа Қазақстанға ресми сапармен келуді ұсындым. Біздер парламенттік байланыстардың үздіксіз дамуы тиіс дегенді негізге алдық. Бұл біздердің ынтымақтастығымыздағы өте маңызды элемент», - деді Қ.Тоқаев.

 Өз кезегінде С.Миронов қазақстандық әріптесінің шақыруын үлкен ықыласпен қабыл алғанын айтты. Оның айтуынша, сапар келесі жылы жасалуы мүкін.

Соңғы жаңалықтар