Қазақстан мен Ресей Президенттері еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Екі елдің көшбасшылары Мәскеуде 2012 жылғы желтоқсанда өткен жоғары деңгейдегі кездесулердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар Бішкекте өтетін ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның алдағы саммиттерінің, сондай-ақ 2013 жылы мамырда Астанада өтеді деп жоспарланған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысының күн тәртібінің негізгі тармақтарын қарастырды.

Соңғы жаңалықтар