Қазақстан мен Ресей президенттері Қырғызстандағы қантөгіс пен зорлық-зомбылық әрекеттерді тезірек тоқтату керектігін атап көрсетті
деп хабарлайды Ресейдің Мемлекет басшысының ресми сайты.
Н.Назарбаев Дмитрий Медведевті тарихи оқиғамен - АҚШ-пен Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтар туралы жаңа шартқа қолдың қойылуымен құттықтады. Ресей Президенті өз кезегінде, Беларусь және Украина еліммен қатар Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтар туралы бұрынғы шартты жүзеге асыруға және жалпы стратегиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосқан Қазақстанның роліне жоғары баға берді.
Әңгіме барысында мемлекет басшылары сондай-ақ Қырғызстандағы дағдарысты жағдайды талқылады. Тараптар, көптеген адам құрбандықтарына және мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы жағдайдың күрт тұрақсыздануына әкелген елдегі өткір ішкі саяси жағдайға үлкен алаңдаушылық білдірді.
Д.Медведев пен Н.Назарбаев, ЕҚЫҰ-ға (Қазақстан) және ТМД мен ҰҚШҰ-на төрағалық етуші аймақтың екі үлкен мемлекетінің президенттері ретінде, қантөгіс пен зомбылықтың барлық түрін тезірек тоқтату қажеттілігін атап көрсетіп, Қырғызстанның барлық аумағындағы ахуалды тұрақтандыру керек екенін айтты.
Ресей Президенті сондай-ақ қырғыз елінің аумағында орналасқан ресейлік азаматтардың отбасыларының, дипломатиялық өкілдіктер мен басқа да ресейлік шетелдік мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қырғызстанға ресейлік әскери қызметкерлер тобын жіберу туралы бұған дейін ҰҚШҰ елдері мен басқа да серіктестерге жолданған ақпаратты қуаттады.