20:56, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстан мен Ресей сауытты техникалардың заманауи үлгілерін бірлесіп шығарады - Ә.Исекешев
ЕКАТЕРИНБУРГ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей сауытты техникалардың заманауи үлгілерін бірлесіп шығарады. Бұл туралы бүгін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекшев айтты.

«Бүгін форум аясында «Қазақстан инжиниринг» компаниясы» мен «Уралвагонзауыты» сауытты техникалардың заманауи үлгілерін жаңғырту және шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құруға арналған құрылтайшылық құжатқа қол қойды», деді ол.
Сонымен қатар Ә.Исекешев екі ел арасындағы әскери техникалық ынтымақтастық саласындағы өндірістік кооперация ерекше мәнге ие болып отырғандығын баса айтты. Оның атап өтуінше, қазіргі таңда бұл бағыт бөлшектер жеткізу есебінен ғана емес, сонымен бірге бірлескен кәсіпорындар құру арқылы да даму үстінде.