12:03, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Ресей сенаторлары ынтымақтастық перспективасын талқылады
МӘСКЕУ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге ресми сапарының барысында, кеше, сейсенбі күні ҚР Парламент Сенаты мен РФ Федерациялар Кеңесінің ынтымақтастық жөніндегі парламенттік тобының үшінші мәжілісі өтті.

Отырыс ҚР Сенаты әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы Ахан Бижанов пен Федерациялар Кеңесінің ТМД істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Владимир Бабичевтің бірлескен төрағалығымен өтті.
Парламентшілер қазақстан-ресей шекара ынтымақтастығын заңнамалық қамтамасыз етудің және сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты келісімшарттық-құқықтық базаны жетілдірудің ағымдағы жағдайы пен перспективасын талқылады.