Қазақстан мен Ресей шекарасы аумағында Алтай трансшекаралық-биосфералық резерваты құрылады

АСТАНА. 10 шiлде. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей шекарасы аумағында Алтай трансшекаралық-биосфералық резерваты құрылмақ.
None
None

Бұл туралы бүгiн өткен конференцияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаров мәлiм еттi.

Министрдiң айтуынша, қорықтың аумағына елiмiздiң Катонқарағай ұлттық паркi кiретiн болады.

"Бiздiң елдердiң Президенттерi қол жеткiзген мәмiлеге сәйкес қазiргi уақытта Қазақстан мен Ресей шекарасы маңындағы аумақта трансшекаралық- биосфералық резерватты құру жұмыстарын жалғастырудамыз. 2011 жылы өткен бiрiншi кезеңде Астраханьда қазақстандық Катонқарағай ұлттық паркiнiң және ресейлiк Катон қорығының базасында Алтай трансшекаралық ерекше қорғалатын аумағы туралы үкiметаралық келiсiм жасалды. Бүгiнгi таңда Қазақстан Катонқарағай ұлттық паркiн ЮНЕСКО-ның бүкiләлемдiк биосфералық резерваттар тiзiмiне қосу жөнiнде ұсынысты жасауда. Ары қарай бiз трансшекаралық-биосфералық резерватты құру жұмыстарын жүргiзудi жоспарлаудамыз", - деп атап өттi ол.

Катонқарағай ұлттық табиғи паркі, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының аумағында орналасқан. Солтүстігінде Қызылқарағай және Қатынтау қыраттарына ұласа отырып, Ресеймен шектеседі. Оның ауданы 643 мың гектар, соның iшiнде 215 мың гектары орманды алқап, ағаштарының қоры - 24 мың текше метрді құрайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум