Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары екі ел арасындағы қатынастар дамуының жай-күйі мен келешегін талқылайды

nbsp;МӘСКЕУ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бүгін Мәскеудегі кездесуде Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары Кәрім Мәсімов пен Владимир Путин екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың жай-күйі мен келешегін талқылайды.
None
None

Келіссөздер барысында ғарыш, атом және көлік, әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетика кешендері, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша өзара қарым-қатынастардың қорытындылары шығарылып, даму келешегі белгіленеді деп күтілуде.

Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрі мен РФ Үкіметінің төрағасы Кеден одағы жұмысы және бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ және ТМД ауқымдарындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 65 жылдығын бірлесе мерекелеу мәселелерін қарайды.

Соңғы жаңалықтар