18:10, 04 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Ресей жүк транзитіне жеңілдіктер беру мәселесін талқылайды
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат. Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров 2009 жылғы мамырдың 6-7-де Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының теңтөрағалары кездесуіне қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күн тәртібінде ? отын және энергетикалық кешен, көлік саласы мәселелері. Оның ішінде, Ресей Федерациясы аумағы арқылы өтетін қазақстандық жүк және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетін ресейлік жүк транзитіне жеңілдетілген тарифтік жағдай жасау жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімді әзірлеу мәселесі талқыланады.