Қазақстан мен Ресейдің жазушылар зиялы қауымы өзара пікір алмасып, ынтымақтастық көкжиектерін талқылады - М.Тәжин (ФОТО)
Бүгін Мәскеуде Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің бастамасымен Қазақстан жазушылар одағымен, «Литературная газета» және «Роман-газетамен» бірлесіп шығарған «Қазақстан - Ресей» әдеби алманағының алғашқы шығарылымының таныстырылымы өтті.
Таныстырылымды аша отырып, ҚР-ның РФ-дағы елшісі Шығыс әдебиеті орталығына және Ресей мемлекеттік кітапханасының басшылығына, оның президенті Виктор Федеровқа алғыс айтты. М.Тәжин ризашылық белгісі ретінде кітапханаға қазақтың белгілі жыршыларының орындауындағы қазақтың батырлық эпостарының елу таңдамалы антологиясын сыйға тартты.
«Біздің кездесуімізге бір жылға таяу уақыт өтті, ол 2014 жылғы қарашада болған еді. Бұл жиырма бес жылдық үзілістен кейінгі осынау институциональдық деңгейдегі басқосу болды. Екі елдің жазушылар қоғамдастығында да бұл жақсы жаңғырық туғызды, мұндай деңгейдегі кездесу 21-ші ғасырда алғаш рет өткізіліп отыр», - деді М.Тәжин.
Ол қонақтарға екі елдің жазушыларының алғашқы кездесуінің нәтижелері бойынша жүзеге асыру белгіленген жоспарлар мен жобаларды еске салды.
«Бірінші жоба - бірлескен қазақстандық-ресейлік әдеби альманах шығару болды, Екінші жоба - «Литературная газетада» «Музы Казахстана» айқарма бетін шығару болатын. Онда қазақстандық авторлардың шығармаларын жариялау, сондай-ақ әдеби жаңа шығармаларға пікірлер жазу көзделген болатын. Үшіншісі - қазақ тілінен орысшаға, орыс тілінен қазақшаға поэзиялық және прозалық шығармаларды аударушылардың халықаралық конкурсын ұйымдастыру, бұл да әдеби аудармашылар дәстүлерін қайта түлету элементтерінің бірі», - деп еске салды М.Тәжин.
«Мен барлық міцндеттер орындалғаны туралы сеніммен айта аламын. Біріншіден, сіздердің барлығыңыздың қолыңызда әдеби альманахтың алғашқы данасы бар. Авторлар арасына Қазақстан мен Ресейдің 48 ақыны мен жазушылары кірген. Альманах сондай-ақ жас авторлардың да мінбесіне айналды. Мен әсіресе Юрий Козловқа, Қайрат Бақбергеновке, Сергей Мнацаканянға, Бақытжан Қанапияновқа альманахпен, авторлармен және редакциялық жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін. Бірінші бөлім бойынша жоспарлағанымызды іске асырдық», - деді М.Тәжин.
Ол сондай-ақ «Литератураная газетаның» «Музы Казахстан» қосымшасы жүзеге асырылу үстінде екенін атап өтті. Ол «Литературная газетаның» бас редакторы Юрий Поляковқа алғыс айтты. М.Тәжин 2016 жылы қазақстандық тарап бұл жобаны жалғастырғысы келетінін қосты.
Сонымен қатар ҚР Елшісі әдеби аударма проблемаларының шешімдер алгоритмін жақсылап ойластыру қажеттігін атап өтті. «Бұл конкурсты өткізу маңызды деп санаймын», - деді Қазақстан елшісі.
Сонымен қатар ол осы ынтымақтастықтың форматын кеңейту мүмкіндігін қарастырып, бұл жұмысқа ТМД елдері мәдени және гуманитарлық ынтыақтастық қорын қосу қажеттігін атап өтті.
Сөзінің қорытындысында М.Тәжин барлық қонақтарға жемісті жұмыс, мүдделі диалог және сындарлы шешімге жетуге тілектестік білдірді.