Қазақстан мен Румыния арасында бірқатар Үкіметаралық құжаттарға қол қойылды

АНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Румыния Президенті Троян Басескудің арасында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің Үкіметтері арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісімге, Қазақстан Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге, ҚР Әділет министрлігі мен Румынияның Әділет және азаматтық бостандық министрлігі арасында ынтымақтастық жөніндегі келісімге, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге, мұнымен қоса ҚР Статистика агенттігі мен Румынияның Ұлттық статистика институты арасында статистика саласындағы ынтымақтастық туралы өзара кеңістік туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар