Қазақстан мен Шри-Ланка сауда, экономикалық байланыстарға жаңаша серпін береді - Н. Назарбаев

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Шри-Ланка сауда экономикалық байланыстарға жаңаша серпін береді. Бүгін Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Шри -Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Махинда Раджапаксамен кездесуден кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Біз Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Махинда Раджапаксаның алғашқы ресми сапарына зор маңыз береміз», деді Мемлекет басшысы. Осы орайда екі ел арасындағы сауда-саттықтың төмен болғандығын атап өткен Елбасы мемлекеттер арасындағы жеміс жидек, көкөніс, жеңіл және тамақ өнеркәсібі тауарларын, зергерлік және керамикалық бұйымдардың импортын арттыруға мүмкіндіктер бар екендігін баса айтты.

 Айта кетейік, Қазақстан мен Шри-Ланка арасындағы сауда-саттық айналымы 2010 жылы 2 млн. доллар, ал өткен жылы 7,1 млн. долларды құраған болатын. Ал ағымдағы жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 5,7 млн. долларға жетті.

Соңғы жаңалықтар