13:56, 20 Қараша 2012 | GMT +5
Қазақстан мен Шри-Ланка туризмді дамытуға уағдаласты
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Шри-Ланка туризмді дамытуға уағдаласты. Елімізге мемлекеттік сапармен келген Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Махинда Раджапакса мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуінен кейін екі ел арасында туризм саласын дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды.
Келісімді Қазақстан тарапынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Шри-Ланканың Қазақстандағы елшісі Удаянга Гирацунга рәсімдеді.