Қазақстан мен Словакия Бас прокурорлары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Словакияда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Бас Прокуроры Қайрат Мәми Словак Республикасының Бас Прокуроры Доброслав Трнкмен кездесіп, екі мемлекеттің Бас прокуратуралары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Аталған құжат бойынша тараптар қылмыстық құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыруға, құқықтық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрес және қылмыстық іс-әрекеттен түскен кірістерді заңдастыру саласында өзара құқықтық көмек көрсететін болады.
Меморандумда прокурорларды дайындау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру, жұмыс тәжірибелерімен бөлісу, сонымен қатар ұлттық заңнама, заң шығарушылық жұмыс, сот төрелігі, тергеудің алдыңғы қатарлы тәжірибелері туралы ақпарат алмасу көзделген.

Соңғы жаңалықтар