Қазақстан мен Түркіменстанды қосатын теміржол учаскесінің ашылу рәсіміне екі елдің мемлекет басшылары қатысады
Бұл туралы бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялары тобының инвестициялық қызметінің биылға арналған міндеттері аясындағы кеңесте «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясының басшысы Асқар Мамин мәлім етті.
Оның айтуынша, Өзен-Түркіменстан шекарасы аралығындағы теміржол учаскесі іске қосылғаннан кейін көршілес елдің нарығына астық тиелген құрам жөнелтілетін болады.
«11 мамырдан Қазақстан мен Түркіменстан мемлекет басшылары жолдың аталған учаскесінде қозғалысты ашады. Атап айтқанда, бұл транзиттік дәліз Қазақстан мен Түркіменстанды және Иранды қосып ары қарай Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік береді»,-деді компания басшысы.
Сөз соңында ол 11 мамырда екі елді жалғайтын бұл теміржол учаскесінің салтанатты ашылу рәсімінен кейін жүк тасымалы бірден басталады.