03:16, 29 Сәуір 2014 | GMT +5
Қазақстан мен Түркия ғылым және технология саласындағы ынтымақтастықты талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев осы елдің ғылым технология және индустрия министрі Фикри Ышыкпен кездесу өткізді. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Елші Жансейіт Түймебаев министр Фикри Ышыкты «Қазақстан-2050» стратегиясының аясында Қазақстанның жеткен жетістіктерімен, оның ішінде индустриалды-инновациялық бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырды.
Министр Ф. Ышык екі елдің арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстанның индустрия мен жаңа технология саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады.