16:59, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстан мен Түркияның консулдық қызметтері өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қоймақ
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Түркия мемлекетінің консулдық қызметтерінің басшылары кездесіп, екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кездесу аясында ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызметінің директоры Бағдат Сейітбатталов Түркия Республикасының сыртқы істер ведомствосы бас директорының орынбасары Сонгюл Озанды қабылдап, екі елдің байланыстарын нығайту мәселесі төңірегінде әңгіме-сұхбат құрды. Оның айтуынша, бүгіннен бастап Қазақстан мен Түркияның консулдық қызметтері азаматтықты беру, көші-қон, еңбек заңнамасын сақтау, екі ел азаматтарының құқықтарын қорғау және тағы басқа бірқатар мәселелер бойынша кеңестер өткізбек. Ал ертең, наурыздың 13-і күні, бауырлас елдердің консулдық қызметтері өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қояды.