19:10, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Қазақстан мен Украина мемлекетаралық кеңестің жұмысын жандандыруға келісті
әуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазақстан мен Украина екі елдің мемлекетаралық кеңесінің жұмысын жандандыруға уағадаласты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сіз бен біз мемлекетаралық кеңес кезең-кезеңмен Қазақстан мен Украинада бас қосып, біздердің қол жеткізген дүниелерімізді талқыласын деп келістік. Бұл ретте біз 2010-2011 жылдарға арналған «Жол картасы-3» деп атап жүрген біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың жоспарларын жүзеге асырудың маңызы зор болады», деді Елбасы Н. Назарбаев бүгін Ақордада Украина Президенті В. Януковичпен жүргізілген кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында. Елбасының айтуынша, Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастық жоспары сауда-саттық, отын -энергетикалық, машина жасау, көлік, агроөнеркәсіп кешенін, ғарыш саласын, гуманитарлық және мәдени салаларды қамтиды.