16:15, 19 Тамыз 2010 | GMT +5
Қазақстан мен Украина президенттері телефонмен сөйлесті
СТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Виктор Януковичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

В.Янукович Қазақстанды 2010 жылғы желтоқсанның 1-2-сі күндері Астанада ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттері басшыларының Саммитін өткізу туралы тарихи шешім қабылдануымен құттықтады.
Әңгіме барысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы қыркүйекте Украинаға ресми сапарын әзірлеу және өткізу мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Украинаның 2010-2011 жылдарға арналған «Жол картасы-3» ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыру барысына айрықша көңіл бөлінді.