13:27, 01 Шілде 2013 | GMT +5
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы виза режімін жеңілдету жұмыстары жалғасады
АСТАНА 1 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы виза режімін жеңілдету жұмыстары жалғасады.
Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы виза режімін жеңілдету бойынша жұмыстарды жалғастыру уағадаластығына қол жеткіздік. Біз Британ кеңесінің еліміздегі жұмыс мәселелерін талқыладық,-деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстан өз тарапынан британ азаматтарына виза беру режімін жеңілдетіп отыр. «Біз енді британ тарапынан жауап қадам күтеміз»,-деді Елбасы.