Қазақстан мен Ұлыбритания әскери мүлік пен қызметкерлер транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойды

Ол Астанада өзінің әріптесі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековпен кездесті.
Аталған министрліктің мәліметінше, атаақорғаныс ведомстволарының басшылары Орталық Азия аумағында қорғаныс саясаты мен қауіпсіздік мәселелерін талқылап, «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания үкіметтері арасында әскери мүлік пен қызметкерлер транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге» қол қойды.
«Қазақстан Азия аумағындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша Ұлыбританияның үлесін жоғары бағалайды», - деді Әділбек Жақсыбеков. «Халықаралық әскери ынтымақтастықты біз өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық оның ең маңызды бөлігі болып табылады»,-деді министр.
Әскери ынтымақтастықта бітімгершілік те аса маңызды рөл атқаратындығын атап өткен жөн. «Дала қыраны» жылсайынғы халықаралық оқу-жаттығу бұған дәлел болып табылады. Сондай-ақ, Көпұлттық күштер құрамында Қазақстан Ирактағы жағдайды тұрақтандыру үрдісіне де өз үлесін қосты. Осы іс-шарада Қазақстан армиясының инженерлік-саперлік жасағының жұмысы аса зор бағаланды.
Филипп Хаммонд Ә. Жақсыбековты және барлық әскери қызметшілерді келе жатқан Қазақстан армиясының 20-жылдығымен құттықтады. Ұлыбритания Қорғаныс министрі Қарулы Күштеріміздің қарқынды әрі сапалы дамып келе жатқанын, екі жақты қатынастар жоғары деңгейде іске асырылып, өзара түсінушілік пен сенім үздіксіз тереңдетіліп, сонымен қатар түрлі салаларда екіжақты ынтымақтастық біртіндеп кеңейтіліп жатқандығын атап өтті.
Тараптар әскери салада екіжақты қарым-қатынастың даму қарқынымен қанағаттанушылық білдіріп, осы кездесу қорғаныс аумағында өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына қосымша серпін беретіндігіне сенім артты.
Кездесу аяқталысымен Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы британ әскери делегациясын Астанада мамырдың басында өтетін екінші қазақстандық «KADEX-2012» Халықаралық қару-жарақ, әскери техника және әскери-техникалық мүлік көрмесіне шақырды.