Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор - Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингх
Қазақстанға алғаш рет сапарлап отырғанын атап өткен Үндістанның Премьер-Министрі Мемлекет басшысын ҚР Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады. Сондай-ақ өз сөзінде Н.Назарбаевтың 2009 жылғы қаңтардағы Үндістан Республикасына жасаған Мемлекеттік сапары барысында негізі қаланған стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін баса айтты.
«Астананың сұлуылығы мен ауқымдығы сіздің ұлы басшылығыңыздың символы болып табылады», деді.
Осыдан кейін Үндістанның Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасқа зор маңыз беретіндігін баса айта келе: «Біздің елдеріміздің арасында ынтымақтастықтың ауқымды әлеуеті бар. Біз өзіміздің шағын құрамда өткен кездесуіміз барысында барлық мәселелерді, барлық мүмкіндіктерді талқыладық», - деді.
Сондай-ақ мәртебелі мейман өз сөзінде екі ел арасындағы тығыз әрі жан-жақты ынтымақтастықтың өңірдің, жалпы толықтай алғанда әлемнің бейбітішілік, тұрақтылық және даму жолына зор үлес қосатындығына сенім білдірді. «Бүгін қол қойылатын келісімдерді орындау үшін біз құрған Жол картасы ынтымақтастығымыздың дамуының бас жоспары болады», - деді Манмохан Сингх.