Қазақстан мен Үндістанның денсаулық сақтау министрліктерінің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды
оның ішінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Үндістан Республикасы Денсаулық сақтау және отбасының тұрмыс жағдайы министрлігі арасында Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстанның денсаулық сақтау ведомствосының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Келісімге Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, ал Үндістан тарапынан - Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ашок Кумар Шарма қол қойды.
Бұл Келісімге қол қою денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-үнді серіктестігіне жаңа серпін беруге, сондай-ақ медициналық білім мен ғылым, фармация, Қазақстанда үндістандық студенттерді даярлау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және т.б. басым бағыттарды дамытуға, сондай-ақ ауруларды диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы инновациялық тәсілдерін енгізуге бағытталған стратегиялық ынтымақтастық бағыттарын пысықтауға, серіктестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.