Қазақстан мен Жапония 700 миллион доллар көлеміндегі 10 жобаны жүзеге асырмақ - Н.Назарбаев (ФОТО)
Бұл туралы бүгін Ақордада Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Қазақстанда бірқатар жапондық ірі компаниялар белсенді жұмыс істеуде. Бүгінде 50 бірлескен кәсіпорын тіркелген, 700 миллион доллардан астам қаржығы 6 бірлескен жоба жүзеге асырылған, сонымен қатар құны 700 миллион доллар көлеміндегі тағы 10 жоба белсенді түрде алға жылжыту кезеңінде тұр»,-деді Президент.
Осы орайда Елбасы Қостанайда «Тойота» маркалы машиналарды құрастыру бойынша зауыттың ашылуы айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
«Биылғы 25 қазаннан бастап инвестицияларды ынталандыру мен өзара қорғау туралы екі жақты келісімнің күшіне енуі біздің қатынастардың құқықтық базасын айтарлықтай күшейте түседі»,-деді Президент.