Қазақстан мен Жапония арасында атом энергиясын бейбіт мақсаттарға пайдалану жөніндегі меморандумға қол қойылды

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Кеше наурыздың 2-сі күні Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Камалдинов пен Жапонияның Сыртқы істер министрі Кацуя Окада екі ел үкіметтерінің арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсаттарға пайдалану жөніндегі меморандумға қол қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл Қазақстан Президентінің 2008 жылғы Жапонияға сапары мен Жапонияның Премьер-Министрі Д.Койдзумидің 2006 жылғы Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген жоғары деңгейдегі келіссөздердің нәтижесі. Бұл атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған негізгі құжат. Сонымен

қатар ол алдағы уақытта Қазақстан мен Жапонияның әріптестік қатынастарының да арта түсуіне ықпал етеді деген үміт бар.

Соңғы жаңалықтар