Қазақстан мен Жапония арасында қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім мақұлданды

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -  Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған конвенцияның мақсаты инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейтуге бағытталып отыр. «Конвенция екіжақты халықаралық шарт болып табылады және қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында жасалады. Бұл ретте Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы салық төлеуге бір рет әрі Тараптардың бірінде ғана салық төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ал екінші мемлекет өзіне төленген салық сомасы жөнінде есеп береді немесе салық салынатын жиынтық табыстан екінші мемлекетке салық салуы жүргізілген сол кірісті алып тастайды. Осы салық конвенциясының Қазақстан мен Жапония арасындағы салық салу мәселелерінде заң базасы ретінде маңызды роль ойнайды», деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жәмішев. Министрдің айтуынша, аталған конвенцияны қабылдау екі мемлекеттің шаруашылық жүргізу субъектілеріне салық қарым-қатынастарының салыстырмалы тұрақтылығына кепілдік береді. Кірістерге қосарланған салық салудың алдын алады. 

 Келісімге Токиода 2008 жылғы желтоқсанда қол қойылған.

 Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар