Қазақстан Молдова Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстан Республикасы толассыз жауып жатқан жаңбыр салдарынан қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Молдова Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді.
None
None

Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

ТЖМ-нан мәлім еткендей, Молдава мемлекетіне гуманитарлық көмек ҚР Үкіметінің 2010 жылғы қыркүйектің 17-сіндегі «Молдова Республикасына гуманитарлық көмек көрсету туралы» №959-шы Қаулысына сәйкес көрсетіледі.

Осыған сәйкес, мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік тамақтары, гигиеналық заттар мен төсек жабдықтары алынды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы «Комета» филиалында 500 тонна көлемінде 8 вагон жарма (күріш) мен төтенше жағдайды жоюға қажетті бірінші қажеттіліктегі заттардың 1 вагоны тиеліп жатыр. Атап айтқанда, олар - 10 адамдық палаткалар, төсек жабдықтары, матрац, көрпелер мен жастықтар.

Сондай-ақ, Семей қаласындағы «Балқаш» филиалынан 60 тонна көлемінде 1 вагон шаруашылық сабыны тиелуде.

Гуманитарлық жүкті Молдова Республикасының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметі (Кишинеу қаласы) қабылдап алады.

Соңғы жаңалықтар