Қазақстан Монреальда өтетін Дүниежүзілік энергетикалық конгреске қатысады - KEGOC президенті

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Қазақстан қыркүйектің 12-16-сы аралығында Канаданың Монреаль қаласында өтетін Дүниежүзілік энергетикалық конгреске және Энергетикалық жабдықтардың, технологиялар мен қызметтердің көрмесіне (WEC) қатысады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «KEGOC» акционерлік қоғамының президенті Алмасадам Сәтқалиев хабарлады.
None
None

«Бұл - энергетика саласындағы басты шаралардың бірі. Конгресс «Бүгінгі жаһандық проблемалардың шешімі - жасыл ғаламшар үшін энергияны түрлендіру» деген ұранмен өтеді және онда министрлер форумы, энергетика саласы жетекшілерінің бағдарламасы сияқты арнайы бағдарламалар қарастырылған. Сонымен қатар, мамандандырылған көрме өтеді», деді А.Сәтқалиев мырза өз сөзінде.

КЕГОК басшысының айтуынша, Конгреске Қазақстанның атынан KAZENERGY қауымдастығы қатысады.

Соңғы жаңалықтар