14:30, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Қазақстан Омбудсмені БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының аймақтық өкілімен кездесті
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Омбудсмені Асқар Шәкіров бейсенбі күні Астанада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия бойынша аймақтық өкілінің міндетін атқарушы Фиона Фрейзермен кездесті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында тараптар мемлекеттің адам құқықтарын қамтамасыз ету, азаматтық қоғам құруға жағдай жасау саласындағы қызметімен байланысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Әмбебап мерзімдік шолудың аясында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне таныстыру үшін Қазақстанның ұлттық баяндама әзірлеуі де сөз болды.