Қазақстан өңірлерінде әлемдік деңгейдегі төрт колледж құрылуы тиіс - Елбасы

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігіне Астанада, Шымкентте, Ақтөбе мен Алматыда әлемдік деңгейдегі колледждер салу туралы тапсырмасының орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
None
None

«Атырау және Маңғыстау облыстарындағы мұнайды игеріп жатқан компаниялар өздерінің колледждерін құрды. Мен Атыраудағы біржылдық колледжде Алматы мен Астана университеттерін бітірген студенттердің оқып жатқанын көрдім. Сөйтіп бір жылдан кейін олар инженер болады. Бір жыл оқып, мамандығын жетілдіреді, сосын бірден жұмысқа орналасады. Міне, әлемдік деңгейдегі колледж дегеніңіз - осы. Ендеше біз осындай төрт колледжді құруымыз керек», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум