Қазақстан Оңтүстік Кореяның стратегиялық әріптесі - Корея Республикасының СІМ басшысы Юн Бен Се

СЕУЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Оңтүстік Кореяның стратегиялық әріптесі болып табылады.
None
None

Сондықтан біз барлық салаларда диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды ұсынатын боламыз. Бұл туралы Сеулда өтіп жатқан Журналистердің бүкіләлемдік конференциясында ҚазАқпарат тілшісіне Оңтүстік Кореяның жаңа үкіметінің Қазақстанға қатысты сыртқы саяси бағыты туралы айта келе, СІМ басшысы Юн Бен Се мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстан Оңтүстік Кореяның сыртқы саясатында ең жақын әріптестерінің бірі. Жылда Корея Республикасының жоғары лауазымды ресми тұлғалары елімізге ат басын бұрады және осындай жауапты сапарлар жасалады.

«Орталық Азия аймағында Қазақстан Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықта маңызды рөл ойнайды. Қазақстан әлемнің аталмыш бөлігінде көшбасшы болып табылады. Мен президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болған кезде Сіздердің мемлекеттеріңіздің ресми тұлғаларымен оң қарым-қатынас орнады және жаңа оңтүстіккореялық үкімет те Қазақстанмен әріптестікке баса мән береді. Қарасаңыз, біздің мемлекеттер бір-біріне жақын, Қазақстан Оңтүстік Кореяның стратегиялық әріптесі болып табылады. Ал бұл біз барлық салада диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыратын боламыз дегенді білдіреді», - деп мәлімдеді Юн Бен Се.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда 2012 жылдың 19 желтоқсанында өткен президенттік сайлауда 60 жастағы Пак Кын Хе жеңіске жеткен еді. Ол ел тарихындағы алғашқы әйел президент. Ал жаңа сыртқы істер министрі Юн Бен Се өз міндетіне биылғы наурыз айында кірісті.

Соңғы жаңалықтар