Қазақстан орнықты экономикалық даму траекториясына шығып келеді - Мемлекет басшысы

«Бүгінгі күні қарқынды дамып отырған Қазақстан өз тарихында бірқатар дағдарыстарды бастан кешіп, оларды табысты өткерді. Оның ішінде ең алғашқысы әрі ең жойқыны Кеңес одағының ыдырауымен байланысты. Ол кезде біздің экономикамыз түгелімен тоқтап қалған еді. Екінші дағдарыс - Оңтүстік Шығыс Азия күйзелісі. Одан кейінгі дағдарыс әлемдегі ең ірі соңғы дағдарыс болып табылады. Бұл күйзелісті де біз табысты өткеріп келеміз», - деді Н. Назарбаев. Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның орнықты экономикалық даму траекториясына шығып отырғандығын атап өтті. «Бұл қарқынды өсім 7 пайыздық деңгейді құрап отыр. Өткен 20 жылда біз тек мемлекетімізді құрып қана қойған жоқпыз, 12 жыл ішінде ғана жаңа астананы салдық. Осының өзі Қазақстанның даму деңгейі мен оның келешекке деген беріктігін білдіреді», - деді Елбасы.