Қазақстан Орталық Азияда маңызды рөл ойнайды - ЕО кеңесінің бұрынғы бас хатшысы Хавьер Солана

БЕЙЖІҢ. 1 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Орталық Азияда маңызды рөл ойнайды және оның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы елдің ойдағыдай дамуының айқын көрінісі болып табылады. «ҚазАқпарат» тілшісімен әңгімесінде ЕО кеңесінің бұрынғы бас хатшысы Хавьер Солана аймақтағы жағдай және Бейжіңде өткен ІІ Дүниежүзілік бейбітшілік форумы шеңберінде Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы өз бағалауымен бөлісті.
None
None

Х. Солананың сөзіне қарағанда, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі ел үшін өте маңызды сәт болып табылды және Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқарған бірінші посткеңестік мемлекет болып, өз рөлін абыроймен атқара алды. «Қазақстанның және Еуропалық Одақтың саяси және экономикалық салаларда ынтымақтастықты арттыру үшін әлеуеті бар», - деп атап айтты ЕО кеңесінің бұрынғы бас хатшысы.

Сонымен бірге Х. Солана Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-елдердің (соның ішінде Қазақстанды қоса алғанда) аймақтағы жағдайды тұрақтандыру, оның ішінде лаңкестікке қарсы әрекет ету ісіндегі қызметіне қолдау көрсететінін айтты, алайда ол қазіргі уақытта «ШЫҰ мүмкіндіктері шектеулі» екеніне тоқталып өтті.

Соңғы жаңалықтар