Қазақстан Орталық Азияға кондитердік өнімдер экспортын арттырып, саладағы қаржы айналымын 1,5 млрд. долларға жеткізбек
«Кондитерлік салада шынымен де «Ұлттық чемпионды» қалыптастыруға болады. Себебі, бұл айтарлықтай үлкен нарық. Бүгінде Қазақстанның кондитерлік өнімдер нарығы 800 миллион доллар болса, оның 420 миллионы импорт», - деп тоқталды ол.
Ә. Талғатбектің сөзінше, еліміздің кондитерлік өнімді экспорттауда мүмкіндігі зор, себебі, Орталық Азиядағы Өзбекстан мен Тәжікстанда, бұдан бөлек, Ауғанстанда кондитерлік сала айтарлықтай дамымаған. Мұнымен қоса, Қазақстанда шығарылған өнімдерді Ресей нарығында арттырудың мүмкіндігі баршылық.
«Біздің есептеулер бойынша, экспорттық мүмкіндіктер 276 мың тоннаны құрап отыр, бұл өз кезегінде 700 млн. долларға жуық қаржыға тең. Осы орайда сонымен қатар бүгінде жыл сайын 420 млн. долларды қамтып отырған импортты да алмастыруға мүмкіндік бар. Экспортты дамыта отырып, біз кондитерлік саладағы айналымды 1,5 млрд. доллар деңгейіне жеткізе аламыз», - деді Ә. Талғатбек.
Оның айтуынша, Қазақстанда әрбір адам жыл сайын кондитерлік өнімге шамамен 10 мың теңге жұмсайды.
«Салыстырмалы түрде айтатық болсақ, нанға 5 мың теңге жұмсалады. Яғни, кондитерлік өнімдер саласында импортты алмастыру өте маңыз», - деді ол.