Қазақстан өз алдына стратегиялық мақсаттарды қоюға қабілеттілігінің арқасында жетістіктерге қол жеткізді - Финляндия Президенті Саули Ниинистё

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның жетістігі мемлекеттің өз алдына ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды қоюға қабілеттілігінің арқасында жүзеге асты. Бұл туралы бүгін Астанадағы Қазақстан-Финляндия «жасыл» экономика және жаңғырту мәселелері жөніндегі экономикалық форумында Финляндия Президенті Саули Ниинистё мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, «жасыл» экономика мен жаңғырту өзара өте тығыз байланысты және барынша оңтайлы түрде бір-бірін нығайтады.

Осы орайда Финляндия басшысы энергия тиімді және жаңа технологияларға қол жеткізу бәсекеге қабілетті экономикаларды дамыту үшін мүмкіндіктер тудыратынын атап өтті.

«Соңғы 20 жылдағы Қазақстанның жетістігі мемлекеттің түрлі мүдделерді тыңғылықты есептеп және теңдестіріп, сондай-ақ өз алдына ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды қоюға қабілеттілігінің арқасында орын алды»,-деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар