Қазақстан Өзбекстанға ЭКСПО-2017 көрмесінде үздік павильон ұсынуға дайын - Мемлекет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық әлеует толық пайдаланылып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Осы мүміншілікті пайдалана отырып, Қазақстанның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу бастамасын қолдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Біз кешен құрылысын салуға кірістік. Лайықты өткізуге қажетті қаржыны бөлудеміз», - деді Елбасы.

ҚР Президенті сонымен қатар осы көрмені өткізуге Өзбекстан тарабының да қатысатындығына әрі өз павильонын ашатындығына сенім артатындығын баса айтты.

«Біз өзіміздің өзбек достарымызға үздік павильон ұсынуға дайынбыз», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы өз сөзінде Өзбекстан Президентінің бүгінгі сапары әлемде орын алып отырған қиын кезеңде өтіп жатқандығын да еске салып өтті. «Біздің төңірегіміздегі қақтығыстар, Украинадағы жанжалдар және ислам әлемінде орын алып жатқан жайттар бізді алаңдатады», - деп қосты ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар