08:45, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстан өзендеріндегі су деңгейі тұрақты, тасқын қаупі жоқ
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның бірқатар өзендерінде су деңгейінің көтерілуі байқалғанымен, олардың тасуы мен су басу жағдайлары күтіліп отырған жоқ.
Бұл туралы «Қазгидрометтен» хабарлады.
«Алдағы тәулікте Жайық өзенінің Атырау облысының маңынан ағып өтетін бөлігінде, Солтүстік Қазақстан облысың аумағындағы Есіл өзенінде және Ертіс өзенінде су деңгейінің байыппен көтерілуі байқалады. Дегенмен олардың арналарынан тасуы және су басу жағдайларының орын алуы күтіліп отырған жоқ.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында су қалыпты деңгейінен ауытқиды, жекелеген өзендерде оның көлемі артуы ықтимал», - делінген таратылған хабарламада.