Қазақстан парламентшілері РФ Президентінің сайлауына байқаушы ретінде қатысады

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаттары Астана әуежайынан Мәскеу қаласына аттанды. Қазақстан парламентшілерінің бір тобы ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан Ресей Федерациясы Президентінің сайлауын дайындау және өткізуге байқаушы ретінде қатысады.
None
None

4 наурыз күні Ресейде өтетін сайлауға байқаушы ретінде қатысатын қазақстандық топтың құрамында Мәжіліс депутаттары Ерген Дошаев, Ромин Мәдинов, Виктор Рогалев, Мұхтар Тінікеев, Елена Тарасенко және Ізбақ Өмірзақов бар.

«Біздер Ресейдің әр өңіріне бөлініп отырмыз. Атап айтқанда,  Виктор Рогалев, Мұхтар Тінікеев үшеуіміз Мәскеу қаласында жұмыс жасап, сайлау барысымен танысатын боламыз. Ал Ромин Мәдинов Омбыда, Елена Тарасенко және Ізбақ Өмірзақов Орынборда болады»,- деді «Нұр Отан» ХДП фракциясы жетекшісінің бірінші орынбасары Е. Дошаев.

Бүгінгі таңда Ресейде 143 млн адам тұрады. Жалпы сайлаушыларының саны 110 млн-ға жуық. Ресейдің өзінде 108 млн-нан астам, шетелде 1 млн 800 мыңнан астам сайлаушы бар. Қазақстанның ғарышты қаласы - Байқоңыр тұрғындарының ішінде 16 мың 137 ресейлік азамат президенттік науқанға тікелей қатысады.

Соңғы жаңалықтар