Қазақстан - посткеңестік кеңістіктегі біріктіруші мемлекет - Кеңес одағының батыры Р.Аушев
Бұл пікірін бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің ТМД-ға мүше елдердегі жауынгер-интернационалистердің ардагерлер ұйымдарының көшбасшыларымен кездесуінде ТМД Үкімет басшыларының кеңесі жанындағы Интернационалист-жауынгерлердің ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, Кеңес одағының батыры Руслан Аушев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан - біздің бағымыз бен қолдауымызға орай посткеңестік кеңістіктегі біріктіруші ел болып табылады және мұнда ел Президенті Н.Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз. Оның экономикаға, саясат пен әлеуметтік мәселелерге қатысты барлық бастамалары біріктіруге бағытталған. ТМД аумағында мұндай көшбасшылар көп болса екен дейміз», - деп атап өтті ол.
Р.Аушевтің айтуынша, комиеттің биылғы жылғы іс-шаралары үстіміздегі желтоқсан айында атап өтілетін кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 20 жыл толуына, сондай-ақ Ауғанстанға әскердің кіргізілгеніне 30 жыл болуын атап өтуге бағытталып отырғанын жеткізді.
Ол сондай-ақ, үстіміздегі жылы «Біз - интернационалистерміз!» ұранымен ірі халықаралық форумды өткізген ҚР Басшысы Н.Назарбаевтың атына алғысын білдіре келе: «Ол шарадан кейін басқа елдерде аталмыш даталарға арналған іс-шараларға қатыстық. Бірақ Қазақстан өзінің ілтипатымен және ұйымдастырушылығымен бірінші болды. Қазақстанға - біріншілік тұғырдан түспесін деген тілегімізді білдіреміз», - деді.