Қазақстан Президенті АЭС-ын басқару және қорғау жүйесіне тұрақты түрде стресс-тесттер жасап отыруды ұсынды

КИЕВ. 19 сәуір. ҚазАқпарат / Мұратбек Мақұлбеков/ - МАГАТЭ қамқорлығы аясында және тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып АЭС-ын басқару және қорғау жүйлеріне тұрақты стресс-тесттер жүргізуді міндеттеу керек.
None
None

Бұл туралы Киевте өтіп жатқан Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану жөніндегі саммите сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Бүгін де, осыдан 25 жыл бұрынғыдай атом энергиясының қауіпсіздік мәселесі әлем алдында тағы да өзекті болып тұр. Осындай өкінішті тоқтам жасауға атомдық энергия саласындағы жаһандық қауіп-қатерлерді басқарудың жалпы ғаламдық механизмдерінің дефицитті күйде екенін көрсеткен Жапонияның «Фукусима» АЭС -дағы төтенше жағдай себеп болып отыр. Алдағы уақытта АЭС құрылысының жобасына жаңа көзқарасты, әсіресе бұрында осы салада тәжірибесі жоқ елдердегі атом энергиясын дамыту мүддесін қоса алғанда, жаңа мүмкіндіктерді тарту қажет екендігі айқын көрініп отыр», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, АЭС мен басқа да азаматтық атомдық нысандардың қауіпсіздігі жаһандық ядролық қауіпсіздіктің маңызды құрамдасы ретінде мойындалуы керек. Атом энергиясы нысандары қауіпсіздігінің бірыңғай, қатаң және халықаралық деңгейде мойындалған стандарттары мен белгілерін жасап шығару керек, олар қатаң түрде сақталмаған жағдайда әлемдегі бір де бір АЭС пайдалануға берілмеуі тиіс.

«АЭС-ны пайдалануға беретін мемлекеттер мен компанияларды өздеріндегі халық сияқты халықаралық қауымдастықты да өздерінің ядролық нысандарында орын алған кез келген, тіпті ең маңызды емес деген оқиғалардан тез арада және толық көлемде хабардар етіп отыруына міндеттеу керек. Осы заң талаптарын орындамағандарға қатысты қатаң шешімдер шығару керек. Атом энерегетикасын дамытып отырған елдердің үкіметтері басқа мемлекеттердің экономикалық мүддесі мен жаһандық экологияға келетін зардап үшін толық жауапкершілік алуға дайын болулары керек», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар