Қазақстан Президенті австриялық БАҚ-тың елдегі демократия жағдайы туралы сұрақтарына жауап қайтарды

ВЕНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан әзірше демократия мәселелерінде бұған жүздеген жылдар бойы жүрген Еуропа сияқты емес, алайда посткеңестік кеңістікте бұл сала бойынша республика көптеген жетістіктерге жетті.
None
None

Бұл туралы бүгін Венадағы «Хофбург» сарайында Австрия Республикасының Федеральдық Президенті Хайнц Фишермен болған кездесулерден кейін өткен брифингте біздің еліміздің Президенті айтты.

«Мен Қазақстанда бүгінде демократияның барлық түрлері бар деп ойлаймын, әйтпесе ЕҚЫҰ сияқты Ұйымды басқармас еді және саммитті өткізе алмайтын еді. Біздің күш-жігеріміздің бағаланғаны үшін ризамыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Әрине, Қазақстан бұған жүздеген жылдар бойы жеткен Еуропа сияқты емес. Біз Қазақстанның демократияға жолы енді басталуда деп ойлаймыз, сондықтан да үйренудеміз, достарымыздың кеңестерін оң қабылдаймыз. Мен посткеңестік кеңістікте Қазақстан бұл мәселеде елеулі табыстарға қол жеткізді деп ойлаймын, оны әріптестеріміз бен достарымыз да атап өтуде», - деп қосты Президент.

Н.Назарбаев сондай-ақ Қазақстанда бүгінде ашық сайлау, ашық БАҚ бар екенін, Кеңес Одағындағы сияқты цензураның жоқтығын, саяси белгілері бойынша қудаланып жатқандардың жоқ екенін атап өтті. Бұдан басқа, ешкімге де діни наным-сенімі бойынша қысым жасалмайды, барлығы үшін тең құқықтар сақталып отыр.

Соңғы жаңалықтар