Қазақстан Президенті австриялық кәсіпкерлерді ҮИИД мемлекеттік бағдарламасына қатысуға шақырды

ВЕНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев австриялық кәсіпкерлерді ҚР-ның Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына қатысуға шақырды.
None
None

Бұл туралы Мемлекет Басшысы Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишермен болған кездесуінен кейін «Хофбург» сарайындағы брифингте мәлімдеді.

«Біз ертеңгі экономикалық форумда шикізат қорларына бай ел екенімізді, дегенмен қазір мүлдем басқа экономика құруды көздеп отырғанымызды, сондықтан да 70 млрд. доллар тұратын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүргізіп отырғанымызды айту үшін келдік. Олардың 15 миллиардын жаңа 400 кәсіпорынды салуға жұмсадық», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

Бұл ретте ҚР Президенті аталған кәсіпорындарды салу үшін өте жақсы жеңілдіктер қаралғанын атап өтті. «Жер, инфрақұрылым ұсынылуда, мемлекет қаржыландыруға қатысады. Біз австриялық компанияларды бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Біз үшін Австрияның шағын және орта бизнестегі, «жасыл» экономиканы дамытудағы тәжірибесі өте маңызды, осыған да назар аударатын боламыз», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар