07:30, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстан Президенті Эстония Парламентінің Спикерімен кездесті
А. 21 сәуір. ҚазАқпарат - 20 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Республикасы Парламентінің Төрағасы Эне Эргмамен кездесті,
деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметінен.
Парламент Төрағасы Қазақстанның Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Өз кезегінде Елбасы Эне Эргманы Эстония Парламентінің Төрағасы қызметіне қайтадан сайлануымен құттықтады.
Кездесу кезінде сондай-ақ қазақстан-эстония ынтымақтастығы мәселесі, атап айтқанда, парламентаралық байланыстарды нығайту, Қазақстан мен Эстония арасындағы әуе қатынасын дамыту, Тарту Университеті мен Назарбаев Университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.