14:36, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстан Президенті Еуроодақтың ҚР мен ЕО арасындағы ғылыми-техникалық инновациялық ынтымақтастық мәселелері бойынша сарапшыларымен кездесті
ВЕНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Венадағы «Ритц Карлтон» қонақ үйінде Австрияға жасаған ресми сапарының аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕО-ның Қазақстан және Еуропалық одақ арасындағы ғылыми-техникалық инновациялық ынтымақтастық мәселелері бойынша сарапшыларымен кездесті.
Атап айтқанда, кездесу барысында Президент Еуропалық комиссияның зерттеулер және инновациялар бойынша бас директоратының жетекшісі Юрген Сандерспен, Венадағы Технологиялар университетінің профессоры, «Қазақстанның инновациялық жүйесінің сарапшылық бағалау» жобасы бойынша халықаралық сарапшылар тобының жетекшісі Манфред Хорватпен және Австриядағы Әлеуметтік инновациялар орталығының ғылым бойынша төрағасы және директоры Йозеф Хохгернермен кездесті.
Болып өткен кездесуде, ең бастысы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастық саласындағы көкейкесті мәселелер талқыланды.