Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасына Сычуань провинциясында болған зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге Сычуань провинциясында болған зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Мемлекет басшысы зілзала салдарынан көптеген жанның құрбан болып, мыңдаған адамның зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.

«Осындай сын сағатта Қазақстан халқы атынан және жеке өз тарапымнан жойқын табиғат апатынан қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Қытай халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын» делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар