Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Мәскеудегі Белгісіз жауынгердің зиратына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш рәсімге,Мәскеудегі әскери парадты тамашалауға келген бірқатар мемлекетердің басшылары да қатысты. Олардың ішінде Армения Президенті Серж Саргсян, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов, Латвия Президенті Валдис Затлерс, ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао, Израиль Президенті Шимон Перес, Германияның Федеральдық канцлері Ангела Меркель және т. б. бар.
Айта кетейік, Қызыл алаңдағы бүгінгі әскер парадқа он мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, Қызыл алаңмен құрғақта жүретін 150 бірліктен астам әскери техникалар жүрді. Бұдан бөлек Мәскеу аспанымен 127-дан астам тікұшақтар мен ұшақтар ұшып өтті.Парадқа Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жауынгерлерімен қатар ТМД- ға мүше мемлекеттердің, атап айтқанда Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері, сондай-ақ антигитлерлік коалиция бойынша одақтас елдердің әскерлері де қатысты. Қызыл алаңмен Қазақстан туын ұстаған қазақстандық әскерлер жүріп өтті. Парадтық есепті подполковник Қайдар Қарақұлов басқарды.
Бұдан кейін елдер басшылары Үлкен Кремль Сарайында Ұлы Жеңісвтің 65 жылдығына аранғалған салтанатты қабылдауға бет алды.
Естеріңізге ала кетейік, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына және Отан қорғаушылар күні құрметіне Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес Ақордада 356 адам мемлекеттік наградаларға ие болды.
Олардың ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен бір адам, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен - 12 адам (үшеуіне қайтыс болғаннан кейін), ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен 3 адам (үшеуі де қайтыс болғаннан кейін), ІІ дәрежелі «Достық орденімен - 1, «Құрмет» орденімен - 100, «Ерлігі үшін» медалімен - 10, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен - 10, «Ерен еңбегі үшін» медалімен - 85, «Шапағат» медалімен - 2, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен - 143 адам марапатталды.
Бұдан басқа Ұлы Жеңіс құрметіне Ұлы Отан соғысының 350 ардагері Астана, Алматы және барлық айцмақтарда тұрғын үйге ие болды.
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына жол жүруі және біржолғы материалдық көмекті төлеуді қамтамасыз ету үшін облыс бюджеттеріндегі, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріндегі ағымдағы мақсатты трансферттерді пайдалану туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы сәуірдің 3-індегі №284 қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан
300 мыңға тарта ардагерге - 65 000 теңге;
соғысқа қатысушыларға және мүгедектерге теңестірілген адамдарға: соғыста қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыптарына; қайтыс болған соғыс мүгедектерінің зайыптарына және оларға теңестірілген адамдарға - 25 000 теңге;
тыл еңбеккерлеріне - 10 000 теңге мөлшерінде көмек берілді және 1941-1945 жжж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медальдары берілді.
Сондай-ақ аталған қаулымен соғысқа қатысушыларға:
Астана, Мәскеу қалаларындағы мерейтойлық шараларға қатысу үшін әуе қатынасымен және теміржол көлігімен тегін жүруге;
Тәуелсіз Мемекеттер Достастығы елдеріне теміржолмен және әуе қатынасымен бір рет жүруге;
сондай-ақ Қазақстан Республикасы бойынша бір рет қатынауға;
ішкі облыстық қатынас бойынша жолаушылар автобусымен;
мамыр айында ішкі қалалық жолаушылар автобусымен мамыр айында төрт рет қатынауға мүмкіндік жасалды.
Сөйтіп, 71 адамға, соның ішінде 32 соғысқа қатысушыға және оларды алып жүретін 39 адамғпа әлеуметтік қолдау ретінде тегін жол жүру билеттері, Мәскеудегі шеруге қатысу үшін тамағы мен тұратын жерінің шағындарын төлеу шаралары қарастырылды. Сондай-ақ 170 соғыс ардагеріне және оларды алып жүретін 38 адамға Астанадағы мерекелік шараларға қатысу үшін осындай қолдау шаралары жасалды.
Бұдан басқа, соғыс ардагерлері жыл аяғына дейін республика, облыс ішінде, өз қалауы ТМД бойынша тегін жүріп-тұра алады.