Қазақстан Президенті посткеңестік кеңістіктегі ең бірізді еуразияшылдық саясаткерлер мен ойшылдардың бірі болып табылады - протоирей Антоний Ильин
Брюссельдегі Свято-Никольский кафедральды соборының бастығы, Мәскеу Патриархының еуропалық халықаралық ұйымдар жанындағы өкілі протоирей Антоний Ильин «Қазақстан Республикасындағы ұлысаралық және конфессияаралық келісім» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырысының барысында осындай пікір білдірді.
Оның айтуынша, барлық ресейліктер мен православтар Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа үлкен құрметпен қарайды. Оның күш-жігерінің арқасында Қазақстанда жақсы дінаралық және мәдениетаралық диалог орнатылған. Республика осынау бірегей тәжірибесін Еуропамен бөлісуі керек. «Бұл тек төзушіліктің ғана емес, шынайы диалогтың, адамдардың бірін-бірін түсіне білу қасиетінің тәжірибесі», - деп атап көрсетті протоирей Антоний Ильин өз сөзінде.