11:31, 02 Сәуір 2010 | GMT +5
Қазақстан Президенті жекеменшік сот орындаушылары институтын құруға бағытталған Заңға қол қойды
АНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Елбасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл Заң елімізде жекеменшік сот орындаушылары институтын енгізуге және атқарушы құжаттардың мүлтіксіз орындалуының қолданыстағы жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.