17:10, 08 Мамыр 2010 | GMT +5
Қазақстан Президентін Ресей басшысы Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат - Ресей басшысы Дмитрий Медведев ТМД мемлекеттерінің басшыларын, Оңтүстік Осетия мен Абхазия, сондай-ақ Грузия, Қырғызстан және Молдова азаматтарын Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады,
деп хабарлайды Ресей Федерациясы Президентінің ресми сайты.
Ресей басшысының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған жеделхатында: «Жеңіс мерейтойы биыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының күн тәртібінде ерекше орын алады. ТМД-да Ардагерлер жылы болып жарияланған 2010 жыл «Біз бірге жеңдік!» деген ұранмен өтуде» делінген.